Футболдан ӘЧ-2018: Қазақстан құрамасы Румыниядан жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол құрамасы Плоешти қаласында өткен 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі матчында Румыниядан 3:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ойынның 33-минутында румындар есеп ашты. Константин Будеску екі қорғаушыны алдап өтіп, алғашқы голдың авторы атанды - 1:0.
Алаң иелері араға 5 минут салып, есепті еселеді. Бұл жолы Будеску пенальтиді сәтті орындады. Ал 73-минутта Клаудиу Кешерю есепті 3:0-ге жеткізіп, қарсылас команда айқын басымдыққа ие болды.
Тек 82-минутта қазақстандықтар жалғыз голды сала алды.
Айта кетейік, 8 қазан күні 22:00-де жерлестеріміз «Астана Аренада» Армения құрамасын қабылдайды.