Футболдан ӘЧ- 2022: Франция - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні Парижде 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Франция мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Франция - Қазақстан ойынының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:45.
Еске салайық, Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы алғашқы матч наурыз айында Нұр-Сұлтанда өткен еді. Бұл матчта француздар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Алты ойыннан кейін Франция құрамасы топта бірінші орында – 12 ұпай, ал Қазақстан соңғы, бесінші орында. Жеті ойыннан кейін 3 ұпайы бар.