Футболдан ӘЧ-2026: Босния және Герцоговина алғашқы жеңісін тойлады
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында В тобында үшінші тур ойындары мәресіне жетті.
Бұл топтағы кезедсудің бірінде Босния және Герцоговина — Қатар құрамалары кездесті.
Ойын барысында босниялық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де діттеген мақсатына жете алмай жатты. Олардың қатарынан 29-минутта Керим-Сэм Алайбегович 29-минутта қақпадан саңылау тауып, өз құрамасын алға шығарды. Оған елордалық «Астана» командасының жартылай қорғаушысы Иван Башич нәтижелі пас шығарып берді. Ол топтық кезеңде үш кездесуде жасыл алаңға шықты.
Ал 34-минутта қатарлық Султан Аль-Браке өз қақпасына гол соғып алса, 42-минутта Хасан Аль-Хайдос есеп айырмасын қысқартты.
Ойынның 81-минутында босниялық Эрмин Махмич мергендік танытты.
Сондай-ақ бұл топтағы тағы бір ойында Швейцария мен Канада құрамалары шеберлік байқасты.
Кездесу барысында швейцариялық құрамадан Рубен Варгас 46, Йохан Манзамби 57-минутта гол соқса, оған канадалық Промис Дэвид 70-минутта бір голмен жауап қайырды.
Бұл топта Швейцария 7 ұпаймен бірінші орын алса, одан кейінгі орындардағы Канада, Бсония және Герцоговинаның 4 ұпайы бар. Ал Қатар небәрі 1 ұпай еншіледі.
Енді А және С топтарында үшінші тур ойындары өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Колумбия екінші рет жеңіп, плей-офф сатысына шықты.