Футболдан ӘЧ-2026: Франция Норвегияны ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының I тобында шешуші үшінші тур ойындары өтті.
Жанкүйерлер бұл топтағы Франция — Норвегия кездесуін асыға күтті. Олардың көкейінде алғашқы екі турда ұпайдан шашу шығармаған екі құраманың қайсысы жеңімпаз атанады деген сауал тұрғаны рас.
Кездесу барысында франциялық футболшылар жылдам гол соғып үлгерді. Ойынның 7-минутында Усман Дембеле есеп ашса, 20-минутта ол өзінің екінші голының авторы атанды.
Одан кейін норвегиялық Тело Осгор 21-минутта есеп айырмасын қысқартқан еді. Дегенмен Усман Дембеле қарсылас қақпасын тағы бір мәрте мазалап, 32-минутта хет-трик жасап үлгерді.
Ал 94-минутта франциялық Дезире Дуэ қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша Франция қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, өз тобында тоғыз ұпаймен бірінші орынға ие болады. Одан кейінгі орынға 6 ұпаймен Норвегия жайғасты. Екі құрама плей-офф сатысына тікелей жолдама алды.
Сондай-ақ тағы бір кездесуде Сенегал мен Ирак жасыл алаңға шықты. Бірінші және екінші ойында бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмаған олар бұл жолы кімнің мықты екенін дәлелдеуге тырысты. Африкалық құрама сапынан Хабиб Диарра 4-минутта есеп ашты.
Одан кейінгі голдар екінші таймда соғылды. Ойынның 56-минутында Исмаила Сарр 56, Пап Гейе 59, 71, Илиман Ндайе 82-минутта мергендік танытты.
Осылайша африкалық құрама Иракты 5:0 есебімен тізе бүктіріп, 3 ұпаймен өз тобында үшінші орын алды. Әзірге сенегалдық футболшылар үшінші орын алған үздік құрамалар арасында плей-офф сатысына шығу мүмкіндігін сақтап тұр.
Енді 27 маусымда G және H топтарында үшінші тур ойындары өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Түркия плей-офф сатысынан тыс қалды.