Футболдан ӘЧ басталғалы Бразилия билігі 79 шетелдікті елге кіргізбеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия билігі футболдан әлем чемпионаты басталған сәттен бастап 79 шетелдік жанкүйерді елге өткізбеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Олардың деректері бойынша, жанкүйерлік тәртіпсіздік немесе ауыр қылмыс жасап, Интерполдың қара тізіміне іліккен азаматтарға елге кіруге тыйым салынды.
Бразилияға кіре алмағандардың ішінде АҚШ-тан 24 адам, Нигериядан - 18, Аргентинадан - 15 адам бар.
Бұдан басқа, бразилиялық билік өздерінің құрамасы мен Испания құрамасының қатысуымен топтық кезеңде билетсіз ойынға баса-көктеп кіруге тырысқан 85 чилилік азаматты елден шығарып жіберді.
16 маусымда бразилиялық полиция Рио-де-Жанейро әуежайында мексикалық есірткі тасымалдаушыны құрықтады. Ол осы елдің құрамасымен матчқа ұшып келген. Мексикалық Фортелеза бағытындағы ұшақты күтіп тұрған жерінен ұсталды. Күдіктіде Бразилия-Мексика матчына билеті болған.