Футболдан ӘЧ: Қосымша жолдамалардың жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына Еуропадағы қосымша 4 жолдамаға таласатын құрамалардың жеребесі тартылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат kazsport сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қазір футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі жалғасып жатқаны белгілі.

Жеребе нәтижесі мына құрамалар бір-біріне қарсы ойнайды:

Италия - Швеция;

Солтүстік Ирландия - Швейцария;

Дания - Ирландия;

Хорватия - Грекия

Бірінші ойындар 9-11 қарашада, қарымта ойындар 12-14 қараша аралығында өтеді. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда әлем чемпионатына жолдама алады.

Естеріңізге сала кетейік,  осыған дейін Ресей, Бельгия, Англия, Германия, Испания, Исландия, Польша, Сербия, Франция, Португалия, Бразилия, Уругвай, Аргентина, Колумбия, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Сауд Арабиясы, Коста-Рика, Мексика, Панама, Египет және Нигерия құрамалары футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар