Футболдан ӘЧ матчтарының тікелей көрсетілім кестесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейде футболдан әлем чемпионаты жартылай финалына өткен екі құрама анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана уақытымен 20:00-де Швеция және Англия құрамаларының арасындағы матч басталады. 00:00-де Хорватия командасы ресейліктермен кездеседі. Осы жұптың жеңімпаздары әлем чемпионатының финалында бақ сынайды. Осы квартеттің ішінде Англия құрамасы 1966 жылы тарихта бір рет қана әлем чемпионы болған еді.
1/8 финалда Швеция құрамасы Швейцарияны 1-0 есебімен жеңді. Ағылшындықтар колумбиялықтардан пенальтиден басым түскен. Ресей құрамасы дәл осылайша Испанияны, ал Хорватия - Данияны жеңді.