Футболдан ӘЧ-ның алғашқы ойыны өтетін Сан-Паулудағы «Арена Коринтианс» стадионы әлі дайын емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Паулудағы футболдан әлем чемпионатының ашылуы - Бразилия мен Хорватия құрамалары бақ сынасатын біріншіліктің алғашқы ойыны өтетін "Арена Коринтианс" стадионының жөндеу жұмыстары әлі күнге толық аяқталмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Футболдан ӘЧ-ның алғашқы ойыны өтетін Сан-Паулудағы «Арена Коринтианс» стадионы әлі дайын емес

Мәліметтер бойынша, 20 мың адамды орналастыру көзделген уақытша трибуналар құрылысы толық аяқталмаған. Оған қоса, стадион маңы құрылыс жұмыстарынан қалған қоқыстан тазартылмаған. Ал аренаның ВИП-бөлімдеріне жиһаздар енді ғана әкелініп жатыр. Ашылу салтанатында ойын-сауық шаралары өтетін орын да толық дайын емес.

Айта кетейік, Сан-Паулу стадионында Бразилия-Хорватия ойындарынан тыс Уругвай-Англия (19 маусым), Нидерланды-Чили (23 маусым), Оңтүстік Корея-Бельгия (26 маусым), 1/8 ойыны (1 шілде) және жартылай финал (9 шілде) кездесулері өтеді.