Футболдан ӘЧ: Шешуші матчтардың төрешілері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА Төрешілер комитеті Ресейдегі мундиальдің төрт соңғы матчына қызмет көрсету үшін 12 басты арбитр, 26 көмекші мен 10 видеокөмекші тізімін анықтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Айта кетейік, соңғы тізімде Колумбия - Англия матчында өзінің жұмысымен бірмәнді емес реакция тудырған америкалық Марк Гейгер де бар.
Жартылай финалда, үшінші орын үшін матчта және финалда кімнің қызмет көрсететіні әзірге белгісіз.
ӘЧ-2018 ресми сайтының ақпараты бойынша, турнирдің ақтық кезеңінде мыналар арбитр болды:
АФК: Алиреза Фагани (И.Р. Иран)
КАФ: Маланг Дьедиу (Сенегал)
КОНКАКАФ: Марк Гейгер (АҚШ), Сезар Артуро Рамос Паласуэлос (Мексика)
КОНМЕБОЛ: Андрес Кунья (Уругвай); Нестор Питана (Аргентина), Сандро Риччи (Бразилия)
ОФК: Мэттью Конгер (Жаңа Зеландия)
УЕФА: Джюнейт Чакыр (Түркия); Бьорн Кейперс (Нидреланды), Милорад Мажич (Сербия), Джанлука Рокки (Италия)
Жартылай финал 10 және 11 шілдеде, үшінші орын үшін матч - 14, финал - 15 шілдеде өтеді.