Футболдан әлем чемпионатында плей-офф сатысына кімдер шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында қазірге дейін 1/16 финалға жолдама алған 22 құрама белгілі болды.
Жарыстың аталған сатысында 32 құрама сынға түседі. Оған әрбір топтан бірінші, екінші орын алған және үздік нәтижеге қол жеткізген үшінші орындағы құрамалар жолдама алады.
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия, Парагвай, Франция, Швеция, Оңтүстік Африка, Канада, Нидерланд, Марокко, Испания, АҚШ, Босния және Герцогвина, Бельгия, Бразилия, Жапония, Кот-д’Ивуар, Норвегия, Мексика, Аргентина, Кабо-Верде, Аустралия, Египет, Швейцария бақ сынайды.
Қазірге дейін тоғыз жұпта құрамалар өз жұбын анықтап үлгерді.
28 маусым
- Оңтүстік Африка - Канада
29 маусым
- Германия - Парагвай
- Нидерланд - Марокко
- Бразилия - Жапония
30 маусым
- Франция - Швеция
- Кот-д’Ивуар - Норвегия
1 шілде
- АҚШ - Босния және Герцоговина
3 шілде
- Аргентина - Кабо-Верде
- Аустралия - Египет.
Ал 1/8 финал 4-7 шілде күндері өтсе, одан кейін 1/4 финал 9-11 шілде, 1/2 финал 14-15 шілде күндері болады.
Финал мен 3-орын үшін ойын 18-19 шілде күні болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Испания құрамасы өз тобында бірінші орын алды.