Футболдан әлем чемпионаты өткізілетін стадион өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік әлеуметтік желі қолданушылары Нижний Новгородта жаңадан салынып жатқан стадион қою қара түтінге оранғанын айтып жатыр.
Стадион құрылысына жауапты «Стройтрансгаз» АҚ баспасөз қызметі өрт тұтану фактісін растады. Олардың сөзіне қарағанда, кеше, Мәскеу уақытымен 16.30-да стадионның А секторында дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт тұтанған. Оған едендегі полистиролға түскен ұшқындар себеп болған. Өртті сондағы жұмысшылар қарапайым өрт сөндіргіштермен сөндіре алған.