Футболдан Әлем чемпионатында өнер көрсеткен алғашқы екі жұп тең түсті

АСТАНА. Маусымның 12-і. ҚазАқпарат - Футболдан өтіп жатқан Әлем чемпионатында өнер көрсеткен алғашқы екі жұп бір-бірімен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футболдан Әлем чемпионатында өнер көрсеткен алғашқы екі жұп тең түсті

Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамаларының кездесуінде алғашқы голды африкалықтар салып, Мексика футболшылары оған тамаша жауап қайтара білді. Есеп 1:1. Ал әлем чемпиондары Франция мен Уругвай құрамаларының кездесуі тартысты өткенімен екі команда да бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Есеп 0:0.

Бүгін футбол жанкүйерлері Корея Республикасы мен Грекия, Аргентина мен Нигерия, Англия мен АҚШ құрамаларының ойындарын тамашалайды. Чемпионатты көрермендер «Хабар» және «Еларна» телеарналарынан көреді.