09:04, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Футболдан әлем чемпионатының қожайыны Уругвайға есе жіберді
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты барысында алаң иелері Уругвай құрамасына есе жіберді, есеп - 0:3.

Алғашқы таймда-ақ қарсыластар қақпасына уругвайлық шабуылшы Диего Форлан гол соққан болатын. Ал ойынның екінші жартысында уругвайлық қорғаушы Хорхе Фусиле мен жартылай қорғаушы Альваро Перейра ұпай санын еселей түсуге мүмкіндік алды.