05:36, 28 Маусым 2016 | GMT +5
Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон командасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойынында Исландиядан жеңілген соң отставкаға кетті. Бұл туралы турнирдің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтемемен РИА Новости хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ЕУРО-2016 додасының ширек финалына шыққан командалардың тізімі анықталған еді. 1/8 кезеңнің соңғы матчы - «Англия-Исландия» ойынында 2:1 есебімен исландиялықтар жеңіске жеткен болатын.