Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры өтеді.

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының тоғызыншы туры өтеді
Фото: Kffleague.kz

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Жеті турдан кейін шымкенттік БИИК, «Ақтөбе» 22, «Қайрат» командалары 21 ұпаймен көш бастап келеді.

Сегізінші турдың ойын кестесі:

«Атырау» - «Қызылжар» (Петропавл)

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе»

«Жетісу» (Талдықорған) - «Ұлытау» (Жезқазған)

«Тобыл» (Қостанай) - «Елімай» (Семей)

«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Қайрат» (Алматы)

«Жеңіс» (Астана) - «Астана»

«Қайсар» (Қызылорда) - БИИК (Шымкент)

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Еске салсақ, 15 маусымда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің ХІІ туры мәресіне жетті.

Соңғы жаңалықтар