Футболдан "Достастық кубогы" халықаралық турнирі өтеді

АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін 19-29 қаңтарда футболдан 21 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасында Санкт-Петерборда өтетін "Достастық кубогы" халықаралық турнирінің жеребесі тартылды. ҚР Футбол федерациясының интернет сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда,
None
None

қазақстандық аяқ допшылар онда "А" тобында Ресей, Эстония және Түрікменстан құрамаларымен сынға түспек. Ал Украина, Молдавия, Қырғызстан, Латвия "В" тобында, Белорус, Иран, Тәжікстан, Литва "С" тобында бақ сынамақ.

Қазақстанның жастар құрамасы оған 10-18 қаңтар күндері Алматыда әзірленбек. Бұл оқу-жаттығу жиынына аға бапкер Слободан Крчмаревич қақпашылардан - Самат Отарбаев (Ордабасы), Денис Овсянников (Астана), Сергей Ткачукті (Шахтер) шақырып отыр. Мұндай құрметке қорғаушылардан - Нұржарық Қунов (Қайрат), Ренат Баянов, Дмитрий Шомко, Елдос Ахметов (Ертіс), Евгений Горячий (Шахтер), Михаил Габышев (Восток), Дамир Даутов (Астана), Дмитрий Мирошниченко (Ақтөбе), Сергей Григорьев (Оқжетпес), ал жартылай қорғаушылардан - Исламбек Қуат (Астана), Евгений Азаматов (Шахтер), Бауыржан Исламхан (Тараз), Евгений Левин (Ордабасы), Асхат Тағыберген (Қайсар), Илья Калинин (Цесна) ие болды. Онда шабуылшылардан - Денис Прокопенко (Астана), Бауржан Жолшиев (Тобыл), Сергей Лисенков (Ақтөбе), Алексей Щеткин (Жетісу) және ешқандай клубта тіркелмеген Абзал Бейсебековке үміт артылып отыр. Жарыстың ширек финалдық ойныдар 25-і, ал жартылай және ақтық сындары 27, 29 қаңтар күндері болады.

Соңғы жаңалықтар