Футболдан ЕЧ өтіп жатқан қалалардағы жанкүйерлер саны бойынша рекорд Парижде тіркелді - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда футболдан Еуропа чемпионаты өтіп жатқан қалалардағы жанкүйерлер саны бойынша рекорд жексенбі күні Парижде тіркелді. Алаң иелері швейцариялықтармен кездескен күні мачты тамашалауға 90 мың көрермен жиналды, деп хабарлады ТАСС агенттігі Париж әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Еске сала кетейік, Швейцария - Франция ойыны (0:0) 19 маусымда Лиллада өтті. 

Париждегі фан-аймаққа келушілердің саны бойынша рекорд осыған дейін 9 маусымда, оның ашылған күнінде орнатылған. Турнир басталғанға бір күн қалғанда алаңда белгілі француз композиторы және диджей Дэвид Геттаның концерті өтті. Оны көруге 87 мың көрермен жиылды. Франция - Албания (15 маусым, 2:0) ойыны кезінде фан-аймаққа 85 мың көрермен барды.

Франциядағы Еуропа Чемпионаты 10 шілдеде аяқталады.

Соңғы жаңалықтар