Футболдан еліміздің әйелдер лигасында алғашқы тур аяқталды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры мәресіне жетті.
Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында – 9 команда, В конференциясында – 10 команда ойнайды.
Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.
Бүгін, 28 сәуірде В конференция командалар өзара сайысқа түсті.
В конференциясы
28 сәуір
«Ертіс» (Павлодар) - «Жеңіс» (Астана) 0:3
«Алтай» (Өскемен) - «Қызылжар» (Петропавл) 3:3
«Тобыл» (Қостанай) - «Астана» 1:0
«Шахтер» (Қарағанды) - «Елімай» (Семей) 0:7.
27 сәуір
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе» 0:20.
Сондай-ақ 27 сәуірде А конференциясында төрт ойын өткізілген еді.
А конференциясы
«Жетісу» (Талдықорған) - «Қайрат» (Алматы) 1:4
«Ордабасы» (Шымкент) - «Ұлытау» (Жезқазған) 2:0
«Қайсар» (Қызылорда) - БИІК (Шымкент) 0:4
«Томирис-Тұран» (Түркістан) - «Атырау» 2:0.
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.
Енді екінші тур ойындары 4 және 5 мамыр күндері өткізіледі.