Футболдан Еуро-2024 чемпионатына қатысатын 24 команданың 11-і анықталды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне тағы екі құрама шықты. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

евро-2024
Фото: Sports.kz

Олар – Мажарстан мен Словакия ұлттық командалары.

Бұған дейін Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия мен Аустрия жолдама алған болатын. Германия ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады.

Қазақстан құрамасының да Еуро-2024 чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар. Бүгін өз алаңында Сан-Сариномен, соңғы турда Словениямен сырт алаңда кездеседі.