Футболдан ЕУРО-2032 Италия мен Түркияда өтеді

Футболдан 2032 жылғы Еуропа чемпионаты Италия мен Түркияда өтетін болды. Kazinform бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды. 

футболдан еуропа чемпионаты
Фото: aa.com.tr

Мұндай шешім Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.

Ал ЕУРО-2028 Ұлыбритания мен Ирландияда өтеді.

Отырысқа УЕФА президенті Александр Чеферин, Түркия футбол федерациясының басшысы Мехмет Бююкекши мен Италия футбол федерациясының басшысы Габриэле Гравина қатысты.