Футболдан Еуропа чемпионатының ойын кестесі

футбол
Фото: euro2024 Instagram парақшасы

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Германияда жалауын көтеретін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ойын және тікелей көрсетілім кестесі жарияланды.

Құрлықтық дода ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Майндағы Франкфурт, Гельзенхиркен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт секілді қалаларында өткізіледі. Әлемдік доп додасында қазылық ететін төрешілер Англия, Аргентина, Германия, Испания, Италия, Нидерланд, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Франция, Швейцария, Швеция елдерінен келген.

Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия, Испания - 3, Италия, Франция - 2, КСРО, Португалия, Чехословакия, Нидерланд, Дания мен Грекия - 1 мәртеден жеңіс тұғырына көтерілді.

14 маусым, жұма

23:55. А тобы. Германия - Шотландия («Qazsport»)

15 маусым, сенбі

18:00. А тобы. Венгрия - Швейцария («Qazsport»)

21:00. В тобы. Испания - Хорватия («Qazaqstan» және «Qazsport»)

23:55. В тобы. Италия - Албания («Qazsport»)

16 маусым, жексенбі

18:00. D тобы. Польша - Нидерланд («Qazsport»)

21:00. C тобы. Словения - Дания («Qazsport»)

23:55. C тобы. Сербия - Англия («Qazaqstan» и «Qazsport»)

17 маусым, дүйсенбі

18:00. E тобы. Румыния - Украина («Qazsport»)

21:00. E тобы. Бельгия - Словакия («Qazsport»)

23:55. D тобы. Австрия - Франция («Qazsport»)

18 маусым, сейсенбі

21:00. F тобы. Түркия - Грузия («Qazsport»)

23:55. F тобы. Португалия - Чехия («Qazsport»)

19 маусым, сәрсенбі

18:00. B тобы. Хорватия - Албания («Qazsport»)

21:00. A тобы. Германия - Венгрия («Qazsport»)

23:55. A тобы. Шотландия - Швейцария («Qazsport»)

20 маусым, бейсенбі

18:00. C тобы. Словения - Сербия («Qazsport»)

21:00. C тобы. Дания - Англия («Qazsport»)

23:55. B тобы. Испания - Италия («Qazsport»)

21 маусым, жұма

18:00. E. Словакия — Украина («Qazsport»)

21:00. Группа D. Польша — Австрия («Qazsport»)

23:55. Группа D. Нидерланды — Франция («Qazsport»)

22 маусым, сенбі

18:00. F тобы. Грузия - Чехия («Qazsport»)

21:00. F тобы. Түркия - Португалия («Qazsport»)

23:55. E тобы. Бельгия - Румыния («Qazsport»)

23 маусым, жексенбі

23:55. A тобы. Швейцария - Германия («Qazsport»)

23:55. А тобы. Шотландия - Венгрия («Qazsport»)

24 маусым, дүйсенбі

23:55. B тобы. Албания - Испания

23:55. B тобы. Хорватия — Италия

25 маусым, сейсенбі

21:00. D тобы. Нидерланд - Австрия

21:00. D тобы. Франция - Польша

23:55. C тобы. Англия - Словения

23:55. C тобы. Дания - Сербия

26 маусым, сәрсенбі

21:00. E тобы. Словакия - Румыния

21:00. E тобы. Украина - Бельгия

23:55. F тобы. Грузия - Португалия

23:55. F тобы. Чехия – Түркия

1/8 финал

29 маусым, сенбі

21:00. 38 ойын. А тобы 2 орын - В тобы 2 орын

23:55. 37 ойын. А тобы 1 орын - C тобы 2 орын

30 маусым, жексенбі

21:00. 40 ойын. C тобы 1 орын - D/E/F топтары 3 орын

23:55. 39 ойын. B тобы 1 орын - A/D/E/F топтары 2 орын

1 шілде, дүйсенбі

21:00. 42 ойын. D тобы 2 орын - E тобы 2 орын

23:55. 41 ойын. F тобы 1 орын - A/B/C топтары 3 орын

2 шілде, сейсенбі

21:00. 43 ойын. E тобы 1 орын - A/B/C/D топтары 2 орын

23:55. 44 ойын. D тобы 1 орын - F тобы 2 орын

1/4 финал

5 шілде, жұма

21:00. 45 ойын. 39 ойынның жеңімпазы - 37 ойынның жеңімпазы

23:55. 46 ойын. 41 ойынның жеңімпазы - 42 ойынның жеңімпазы

6 шілде, сенбі

21:00. 47 ойын. 40 ойынның жеңімпазы - 38 ойынның жеңімпазы

23:55. 48 ойын. 43 ойынның жеңімазы - 44 ойынның жеңімпазы

1/2 финал

9 шілде, сейсенбі

21:00. 49 ойын. 45 ойынның жеңімпазы - 46 ойынның жеңімпазы

23:55. 50 ойын. 47 ойынның жеңімпазы - 48 ойынның жеңімпазы

Финал

14 шілде, жексенбі

23:55. 51 ойын. 49 ойынның жеңімпазы - 50 ойынның жеңімпазы

Айта кетсек, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына ең көп ойыншы жіберген командалар белгілі болды. Бұл тізім бойынша «Манчестер Сити» (Англия) және «Интер» (Италия) командалары көш бастап тұр. Екі команда құрамынан 13 футболшыдан құрлықтық бәсекеде өз елдерінің намысын қорғайды.

Сондай-ақ 2024 жылғы Еуропа чемпионатында ең қымбат футболшылар анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар