Euro-2024: Ең қымбат футболшылар кімдер

футбол
Фото: twitter.com/KMbappe

АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылғы Еуропа чемпионатында ең қымбат футболшылар анықталды.

Transfermarkt.de сайты құрлықтық додаға қатысатын құрамалар сапындағы ең қымбат ойыншылар тізімін жариялады.

Бірінші орынды Джуд Беллингем (Англия) және Килиан Мбаппе (Франция) өзара бөлісіп тұр. Олардың құны - 180 миллион еуро. Сондай-ақ үздік бестіктегі Фил Фоден (Англия) - 150, Букайо Сака (Англия) 140, Флориан Вирц (Германия) 130 миллион еуроға бағаланған.

Одан кейінгі орындарды Джамал Мусиала (Германия), Деклан Райс (Англия), Родри (Испания) - 120, Эдуардо Камавинга (Франция), Харри Кейн (Англия) және Орельен Чуамени (Франция) 100 миллион еуромен өзара бөлісіп тұр.

Еске салсақ, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына ең көп ойыншы жіберген командалар белгілі болды. Сондай-ақ бұдан бұрын Еуропа чемпионатында бас жүлдеден үміткер құрамалар анықталған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram