Футболдан Германия мен Нидерланды құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өтпей қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қараша күні Ганновер қаласында футболдан Германия мен Нидерланды құрама командалары арасында өтуі керек болған жолдастық кездесу тоқтатылды. Жоспар бойынша матчты тамашалуға ГФР канцлері Ангела Меркель келуі тиіс болған, деп хабарлады «РИА Новости».

Футболдан Германия мен Нидерланды құрамалары арасындағы жолдастық кездесу өтпей қалды

N-tv телеарнасының ақпаратында сәрсенбі кешке өтуі тиіс болған Германия мен Нидерланды құрама командалары арасындағы жолдастық кездесу тоқтатылғаны, бірақ оның себептері ресми хабарланбағаны көрсетілген.