Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасында кімдермен ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының UEFA Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды.
Швейцарияның Ньон қаласында 2027 жылғы UEFA әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша біздің құрама C лигасының алтыншы тобына түсті.
Бұл топта отандастарымыз Армения және Черногория құрамаларымен күш сынасады.
Жарыс 2027 жылдың ақпан айында басталады. Топ жеңімпазы B лигасына көтерілу мүмкіндігіне ие болады.
Жеребе алдында Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы С лигасында екінші себетке орналасты.
С лигасы
Бірінші топ: Словакия, Хорватия, Болгария, Гибралтар
Екінші топ: Латвия, Әзербайжан, Грузия, Лихтенштейн
Үшінші топ: Израиль, Фарер аралдары, Солтүстік Македония, Андорра
Төртінші топ: Люксембург, Босния және Герцеговина, Эстония, Сан-Марино
Бесінші топ: Мальта, Молдова, Кипр
Алтыншы топ: Черногория, Қазақстан, Армения.
Сондай-ақ А және В лигаларында ойнайтын құрамалар өз қарсыластарын анықталды.
А лигасы
Бірінші топ: Испания (қазіргі чемпион), Норвегия, Ирландия, Швейцария
Екінші топ: Франция, Англия, Австрия, Португалия
Үшінші топ: Дания, Италия, Исландия, Уэльс
Төртінші топ: Германия, Нидерланд, Швеция, Шотландия.
В лигасы
Бірінші топ: Сербия, Бельгия, Албания, Румыния
Екінші топ: Украина, Чехия, Грекия, Литва
Үшінші топ: Польша, Финляндия, Солтүстік Ирландия, Беларусь
Төртінші топ: Словения, Турция, Венгрия, Косово.
UEFA жеребе рәсіміне сәйкес, С лигасында 22 құрама алты топқа бөлінді. Оның төртеуінде төрт командадан, қалған екеуінде үш командадан ойын көрсетеді.