Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақсу» «Астана» командасынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі екінші турының үш ойын нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Ақсу» «Астана» командасынан басым түсті

Біріншілік шымылдығын ашқан «Тараз» және «Ордабасы» (Шымкент) ойынында тараздық команда 1:0 есебімен басым түсті.

Дәл осындай есеппен «Ақсу» (Павлодар облысы) «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Шахтер» (Қарағанды) «Қызылжар» (Петропавл) командасын тізе бүктірді.

Сондай-ақ, 11 наурызда «Ақжайық» (Орал) мен «Тұран» (Түркістан), «Каспий» (Ақтау) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» мен «Атырау», «Мақтаарал» (Түркістан облысы) мен «Қайрат» (Алматы) командалары кездеседі.

Турнир кестесінде әзірге 4 ұпаймен «Ақсу», «Тараз» және «Шахтер» командалары келеді.