Футболдан Қазақстан чемпионаты: 13 турдан кейін «Ақтөбе» жеке-дара көш бастады

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше футболдан Қазақстан чемпионатының 13 тур ойындары болып өтті.
None
None

Жексенбі күнгі матчтардан кейін «Ақтөбе» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» ұтып, осы турда шымкенттік «Ордабасыға» жол берген екінші орындағы «Астанадан» төрт ұпайға ұзап кетті. Ақтөбеліктердің еншісінде 30 ұпай, Астанада 26. Үшінші және төртінші орындарды бөлісіп тұрған Ертіс пен Шахтер 18 ұпай жинады. Мергендер көшін сегіз доппен «Ақжайық» сұрмергені Игорь Зенькович бастап тұр.
Ертіс - Шахтер 2-2
Астана - Ордабасы 0-1
Атырау - Қайрат 1-1
Жетісу - Восток 0-0
Тараз - Тобыл 1-2
Ақтөбе - Ақжайық 2-0

Соңғы жаңалықтар