Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан чемпионаты тоқтатылды

«Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Шектеу іс-шараларының ішінде спорттық жарыстарды өткізуге тыйым салынды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі ушығуына байланысты шектеу шаралары 2 аптаға ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін», делінген лиганың ресми сайтындағы ақпаратта.

Осылайша, футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты 14 күнге уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, футболдан ел біріншілігі 1 шілде күні жалғасқан болатын. Командалар әзірге 3 ойыннан өткізді.