10:54, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Футболдан Қазақстан чемпионатындағы Премьер-лига командаларының 2-ші тур ойындары наурыздың 14-інде өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан Қазақстан чемпионатындағы Премьер-лига командаларының 2-ші тур ойындары наурыздың 14-інде өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Наурыздың 7-сінде өткен 1-ші тур ойындарының қорытындысы бойынша қазір 3 ұпайы бар «Жетісу», «Локомотив», «Ақтөбе», «Тараз» командалары алғашқы төрттікке еніп отыр.
Жаңа маусымдағы бірінші кездесуде өз алаңында қызылордалықтар ақтөбеліктерге (0:1), павлодарлықтар талықорғандықтарға (0:2) есе жіберсе, шымкентіктер қостанайлықтармен (1:1), өскемендіктер атыраулықтармен (2:2) тең түсіп, көкшетаулықтармен және петропавлдықтармен есеп аша алмай тарасты. Ал тараздықтар қарағандылықтардан (1:0) басым түсіп, сәтбаевтықтар астаналықтардан (3:4) ұтылды. Қазіргі таңда мергендер тізімін Астана қаласының «Локомотив» футбол клубының ойышысы Александр Шатских бастап тұр.
Енді 2-ші турда «Қайсар» мен «Локомотив», «Ордабасы» мен «Жетісу», «Восток» пен «Шахтер», «Оқжетпес» пен «Тобыл», «Қызылжар» мен «Атырау», «Ертіс» пен «Қазақмыс» командалары өзара кездеседі.