Футболдан Қазақстан-Германия матчы: 3 мыңға жуық фанат тегін билеттер алды

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Футболдан жанкүйерлерді бір идеяға жұмылдыру, жастардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру және жастардың басын бір арнаға қосу мақсатында «Халықтық қолдау» атты акция ұйымдастырылады.
None
None

Сонымен, футболдан хабары бар жанкүйерлер тақымын қысып, алақанын ысқылап отырған Қазақстан-Германия арасындағы сайысқа Қазақстандық фан-клубтар мен жастар ерекше дайындық үстінде.

«Халықтық жанкүйер қозғалысын» ұйымдастырушы Астана жастарының бастамашыл тобы Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығымен кездесіп, көкейдегі ойларын ортаға салды. Екі жақты кездесу барысында футбол додасына жанкүйерлерді тартудағы жұмысты күшейту туралы бастама көтерілді. Осы орайда, аталмыш идеяларды қолдаған ҚФФ жанкүйерлерге толық бір трибунадан 3 мыңға тарта тегін билеттер беру туралы нақты ұсыныспен шықты.

Өз кезегінде Астаналық фан-клубтар жастарды фанаттық қолдау білдірудің қыр-сырын үйрету үшін 16, 19 және 21 наурыз күндерінде дайындық өткізуге тілек білдірді. «Легион» фан козғалысы өткізген аталған дайындықтарға елордадағы ЕҰУ-ның «Жастар» жастар саясаты орталығынан, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың, сондай-ақ басқа да ң қалалардан 700-ден астам жастар келіп қатысты.

Атап айтқанда, 22 наурыз күні футболдан Қазақстан - Германия командалары арасында өтетін додағы арнайы дайындықтан өткен 1 мыңға жуық фанат қатысады деп күтілуде. Ал, жалпы «Халықтық қолдау» акциясына 3 мыңға тарта жас қатысып, өз қолдауларын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар