Футболдан Қазақстан кубогы 1/8 финалында кімдер сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM —  Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалының ойындары басталады. 

Қазақстан кубогы
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ойындар 29 және 30 сәуір күндері өткізіледі. Алдымен 29 сәуірде бес ойын болса, қалғаны үшеуі 30 сәуірге жоспарланған.

Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысты. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталды.

Енді 1/8 финалда «Қайсар» (Қызылорда), «Тобыл» (Қостанай), «Атырау», «Ордабасы» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы), «Астана», «Елімай» (Семей), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Алтай» (Өскемен), «Ақтөбе», «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Каспий» (Ақтау), «Қызылжар» (Петропавл) сынға түседі.

29 сәуір (сәрсенбі)

14:00. «Оқжетпес» — «Жеңіс»
15:00. «Ертіс» — «Қызылжар»
16:00. «Атырау» — «Жетісу»
18:00. «Астана» — «Тобыл»
20:00. «Қайсар» — «Кайрат»
30 сәуір (бейсенбі)
15:00. «Алтай» — «Ұлытау»
18:00. «Ордабасы» — «Каспий»
20:00. «Ақтөбе» — «Елімай».

Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) — 1 мәртеден жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар