Футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалистері белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан Кубогы 1/8 финалының матчтары өтті, деп жазады Sports.kz.
Оның қорытындысымен ширек финалға «Астана», «Атырау, павлодарлық «Ертіс», петропавлдық «Қызылжар СҚ», шымкенттік «Ордабасы», алматылық «Қайрат», көкшетаулық «Оқжетпес» және талдықорғандық «Жетісу» шықты.
¼ финалдың жеребесін тастау 29 сәуірде, ал матчтар 25 мамырда өтеді.