Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Венгрияға есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Венгриямен жолдастық ойын өткізді.

в
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу барысында венгриялық футболшылар белсенділік көрсетті, алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысқан олар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Есесіне отандастарымыз қарымта шабуылға көңіл бөлді. Осындай сәттердің бірінде қазақстандық қорғаушы Сергей Малый бұрыштамадан әуелете берілген пасты баспен қақпаға енгізіп кетті. 

Венгриялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде алаң иелері алға қарай ұмтылды. Венгрия құрамасының капитаны Доминик Собослаи 52-минутта таразы басын теңестіріп кетті. Одан кейін олардың қатарынан Андраш Шафер 67, Раджмунд Тот 93-минутта екі гол соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, қазірге дейін екі құрама екі мәрте кездескен еді. 2014 жылы 8 маусымда сырт алаңда өткен кездесуде отандастарымыз қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберсе, 2018 жылы 24 наурызда өткен тағы бір жолдастық кездесуде 3:2 есебімен жеңген еді