Футболдан Қазақстан құрамасы Копенгагенге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Данияға келді, мұнда алдағы жұмада жергілікті құрамаға қарсы матч өтеді, деп хабарлады KazFootball.kz.

Футболдан Қазақстан  құрамасы Копенгагенге келді

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін кешке Копенгагенге келді, жұма күні Дания командасына қарсы көшпелі матч өтеді. Қазақстан командасы астананың орталық қонақүйлерінің біріне орналасты.

Данияға қарсы кездесуді ұлттық «Қазақстан» арнасы көрсетуді жоспарлауда. Ол сенбіден жұмаға қараған түні сағат 01.45-те басталады. Үш ойыннан кейін даттықтарда үш ұпай еншілесе, Қазақстанда екі  ұпай бар.