Футболдан Қазақстан құрамасы Нидерланды командасына 1:3 есебімен есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕУРО-2016 іріктеу ойындары ауқымында Қазақстан құрамасы Амстердамда Нидерландыға 1:3 есебімен жол берді, деп хабарлады sports.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы Нидерланды командасына 1:3 есебімен есе жіберді

ЕУРО-2016 екінші іріктеу матчында қазақстандықтар Мундиальдің қола жүлдегері - Нидерланды құрамасымен сынға түсті.

Алғашқы голды қазақстандық құраманың спортшысы Ренат Абдуллин соқты. Голды қақпаға өткізіп алған голландтықтар шабуылға шықты. Командалар үзіліске қазақстандықтардың басымдықтарымен шықты.

Екінші таймда голды Клас-Ян Хунтелаар, Ибрагим Афеллай және Ван Перси салды.

13 қазанда Қазақстан «Астана-Аренада» Чехия құрамасын қабылдайды.