Футболдан Қазақстан құрамасы соңғы 11 жылда ең нашар нәтиже көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін өте сәтсіз өткізді, деп хабарлайды prosports.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы соңғы 11 жылда ең нашар нәтиже көрсетті

Ресейде өтетін әлемдік доданың іріктеу кезеңінде Қазақстан жеңіске жете алмай, үш ұпай ғана еншіледі.

Бұл соңғы 11 жылдағы ең нашар көрсеткіш болды. 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде ұлттық құрамамыз бір ғана ұпай жинаған болатын. Ал келесі іріктеу кезеңінде (Еуропа чемпионаты-2008) 10 ұпай еншілеген. Бұл әзірше Қазақстанның ең үздік нәтижесі саналады.

Қазақстан құрамасының әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу кезеңінің нәтижелері:
Әлем чемпионаты-2018 - 3 ұпай
Еуропа чемпионаты-2016 - 5 ұпай
Әлем чемпионаты-2014 - 5 ұпай
Еуропа чемпионаты-2012 - 4 ұпай
Әлем чемпионаты-2010 - 6 ұпай
Еуропа чемпионаты-2008 - 10 ұпай
Әлем чемпионаты-2006 - 1 ұпай.