Футболдан Қазақстан құрамасы жеңіске жетпегелі 3 жыл болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы ресми ойындарда жеңіске жетпегелі 3 жыл болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Футболдан Қазақстан құрамасы жеңіске жетпегелі 3 жыл болды

Ұлттық құраманың соңғы жеңісін 2015 жылдың қазанында көрдік. 13 қазанда Қазақстан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Латвия құрамасын жеңген болатын. Сол ойындағы жалғыз голды Исламбек Қуат соққан.

Бір қызығы, Қазақстан құрама командасы келесі ресми ойынын сырт алаңда дәл осы Латвияға қарсы тура үш жылдан соң, 2018 жылғы 13 қазанда өткізеді.

Еске сала кетейік, екі команда да Ұлттар лигасының D дивизионы, бірінші тобында. Екі турдан кейін құрамалардың еншісінде бір-бірден ұпай бар.