Футболдан Қазақстан мен Хорватия арасында өтетін ойынға орай елордада жаңа автобус бағыттары ашылады

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Қазанның 14-де елордадағы «Астана Арена» стадионында өтетін Қазақстан ұлттық құрамасы мен Хорватия арасындағы ойынға орай жаңа автобус бағыттары ашылады,

Футболдан Қазақстан мен Хорватия арасында өтетін ойынға орай елордада жаңа автобус бағыттары ашылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР Спорт және туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Қабанбай батыр даңғылы бойымен №10, 12, 43 автобустарға қосымша жаңа стадионға қарай 6 бағыт бойынша автобустар қатынайтын болады. Ал олардың бастапқы  жиналу нүктесі Гвардия, «Отан қорғаушылар» монументі, «Жастар» сарайы, Цирк және Бәйтерек маңы болмақ. Аталған маршруттардың жұмыс уақыты кешкі сағат 19-00-ден түнгі 00-30-ға дейін созылады. Сонымен қатар, аталған даңғыл бойынша   №18, 21, 30, 42, 115, 117 және Тұран даңғылы бойынша № 40, 41-ші автобустар «Астана Арена» стадионына дейін қатынайтын болады.

  Ал, екі құраманың ойынына билеттер «Астана Арена» және Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондардың кассаларында ертеңнен бастап сатылымға түседі.

  Айта кетейік, 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Англия, Хорватия,  Украина,  Беларус және Андорра құрамаларымен бірге «Ғ» тобында сынға түсуде.  Біздің команда іріктеу кезеңі аясында бүгінге дейін  барлығы сегіз  кездесу өткізіп, соның екеуінде ғана жеңіске жетті, қалғандарында ұтылып қалды.  Сөйтіп олар  сегіз  ойыннан кейін 6 ұпай жинап, өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді.