Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 27-ші тур ойындары аяқталды

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Өткен аптада футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 27-ші тур ойындары болды. Оның қорытындылары бойынша, жалпы есепте «Тобыл» 55 ұпаймен топ бастап тұр. Ал «Ақтөбе» көшбасшыдан 5 ұпай қалып келеді.
None
None

Топ басындағы «Тобыл» өткен турдың қорытындысы бойынша өзінен кейін тұрған командадан 7 ұпайға озық болатын. «Астана Аренада» өткен «Локомотивпен» ойынында тең түсіп, қарсыластар 0:0 есебімен тарасты.

Бұл нәтижені ұтымды пайдалана білген «Ақтөбе» «Атыраумен» сырт алаңда өткізген ойында 5:2 есебімен ірі жеңіске жетіп, ұпай айырмашылығын 2-ге қысқартты. Тең нәтижелі кездесу «Тараз» бен «Ордабасы» командаларының ойынында да тіркелді. .Дәл осындай есеп «Шахтер» - «Ертіс» кездесуінде де орын алды.
Өткен турда аутсайдерлердің алды болып тұрған «Ақжайық» өз алаңында «Жетісудан» 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Турнир кестесінде 20 ұпайымен 11-ші орында тұрған «Ақжайық» келесі турда басты қарсыласы «Қайратпен» күш сынаспақ. Жалпы есепте әзірге соңғы болып тұрған «Оқжетпес» өз алаңындағы ойында аутсайдерлердің бірі «Қайратпен» ұпай бөлісті. Есеп - 1:1. «Қайрат» осы тең ойын арқылы 21 ұпаймен «Ақжайықтың» алдына шықты.

Сонымен, турнир кестесінде алғашқы үштіктің қатарында бұрынғысынша «Тобыл» (55 ұпай), «Ақтөбе» (50), және «Локомотив» (45) командалары тұр. Онан кейінгі орындарға «Ертіс» (44), «Атырау» (41), «Шахтер» (40) орналасты.

Премьер-лиганың 7-12-ші орындары үшін болып жатқан жарыста 41 ұпаймен «Жетісу» алға шықты. Алдыңғы 26-шы турда 7-ші орынға тұрақтаған «Ордабасы» 40 ұпаймен бір саты төмендеді. 29 ұпай жинаған «Тараз» 9-шы орында.Одан кейінгі орындарда 21 ұпаймен«Қайрат» тұр. Турнир кестесінің соңында 20 ұпаймен «Ақжайықта» және 19 ұпаймен "Оқжетпес" тұр.

Соңғы жаңалықтар