Футболдан Қазақстан U21 құрамасы Беларусьпен екі жолдастық кездесу өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық матч өткізеді.
Бұл матчар Беларусьте өтеді деп жоспарланған. Алғашқы кездесу 5 маусымда кБарановичи қаласындағы стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00–де басталады.
Екінші кездесу 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді. Матчтың басталуы — 20:00.
Қазақстан жастар 30 мамырда Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынына жиналады.
Қазіргі таңда жастар құрамасы 6 кездесуде бір рет жеңіске жетіп, бір рет тең нәтижеге қол жеткізді, қалған кездесуде қарсыластарына есе жіберді. Атап айтсақ, Андорраны 1:0 есебімен қапы қалдырды, Молдовамен 1:1 есебімен тең түскен, ал Англиядан 0:2, Андоррадан 0:1, Словакиядан екі мәрте 1:2, 1:3 есебімен жеңілді.
Іріктеу кезеңі 2025 жылдың 5 маусымы мен 2026 жылдың 6 қарашасы аралығында өтеді.
Айта кетсек, ақпан айында Владимир Чебурин футболдан Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады.
Қазақстанда Владимир Чебурин қарағандылық «Шахтер», көкшетаулық «Оқжетпес» клубтарын жаттықтырды. Ол сондай-ақ шетелдік клубтармен де бас бапкер ретінде жұмыс істеді. Атап айтқанда, литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларында үздік жұмысымен көзге түсті.
«Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге алты мәрте Литва чемпионы атанып, үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубокты жеңіп алды. Сонымен қатар Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері деп танылды.