Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Эстонияны 2:0 есебімен жеңді

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жатығу жиыны аясында кеше Эстония құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл тізгінін жуырда ғана неміс маманы Бернд Шторк ұстаған Қазақстан құрамасының биылғы жылғы алғашқы жеңісі. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, біздің командаға жеңіс сыйлаған екі голды да жартылай қорғаушы Руслан Балтиев соқты. Ол матчтың 29-шы және 85-ші минуттарында мергендігімен көзге түсті. Айта кетейік, Қазақстанның ұлттық құрамасы 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Англия, Хорватия, Украина, Беларус және Андорра құрамаларымен бірге «F» тобында сынға түсуде. Іріктеу турнирі аясында жерлестеріміз осыған дейін төрт ойын өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті, ал қалған үш матчта жеңіліп қалды. Осылайша 4 ойыннан кейін 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. Қазақстан құрамасы іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчын сәуірдің 1-де Алматыдағы орталық стадионда Беларус футболшыларымен өткізеді.
Соңғы жаңалықтар