Футболдан Қазақстан жастар құрамасы минскілік «Динамоны» ұтты

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше футболдан Қазақстан жастар құрамасы минскілік «Динамо» командасымен жолдастық кездесуде 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қазақстан жастар құрамасы (U-17) Еуропа - 2010/2011 біріншілігінің іріктеу турларына дайындық жұмыстары аясында Белоруссияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Команда қазір Минскідегі кәсіподақ спорттық базасында орналасқан.

Кешегі өткен ойында отандастарымыз өздерінен 1 жас үлкен футболшылардан құралған команданы ұтты. Ойынның 50-ші минутында соғылған жалғыз голдың иесі Владислав Морозов. Бұл кездесуде қазақстандықтар алаңға төмендегідей құраммен шықты: Павлов (Құрманәлі 71), Жәнібеков (Қалымбетов 41), Заводский (Әділханов 53), Қалабаев, Кейлер, Шайхов (Майзенгельтер 41), Парагульков (Халезов 55), Ли (Бахриден 56), Хайруллин (Беруашвили 68), Рыбалко (Байжанов 48), Сариев (Морозов 41).

Енді Қазақстан жастар құрамасы қыркүйектің 17-сі күні минскілік «Динамоның» өздерімен қатарлас толқынымен ойнайды. Ал ертең біздің команда Молодечно қаласына ат басын тіреп, жаттығу жұмыстарын сонда жүргізе жалғастырады. Дәл осы алаңда олар еуропа іріктеу турларындағы 3 кездесудің екеуін өткізетін болады. Оның алғашқысы осы айдың 21-і күні Румыния құрамасымен өтеді.

Соңғы жаңалықтар