Футболдан Қазақстаннның жастар құрамасы Достастық Кубогында Беларусьпен тең ойнады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жастар құрамасы Достастық Кубогының екінші матчында Беларусьпен ұпай бөлісті - 0:0, деп жазады Sports.kz.
Қазақстан құрамасының құрамында Павлов, Аслан, Жұмағали, Агайсин, Әділханов, Куксин, Антипов, Тулиев, Тұңғышбаев, Лебедев, Елмұрзаев ойнады.
Екі таймда да командаларда айшықтты сәттер болмады, сондықтан да ешбір доп соғылған жоқ.
Бейсенбі күні Астана уақытымен 17:15-те қазақстандықтар Қырғызстанмен сынға түседі.