Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Черногориямен болатын ойынға дайындығын бастайды

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 28-де футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Черногориямен болатын ойынға дайындығын бастайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Қазақстан мен Черногория арасындағы кездесу маусымның 7-сі күні Алматыдағы орталық стадионда өтеді. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, біздің команда Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясындағы алғашқы ойынын ағымдағы жылғы наурыздың 29-да сырт алаңда Израильмен өткізіп, 1:1 есебімен тең түскен болатын. Екінші ойынында жерлестеріміз өз алаңында Болгарияны қабылдап, 2:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстанның жастар құрамасы Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрссетуде. Екі ойынан кейін 4 ұпай жинаған футболшыларымыз әзірге өз тобында 1-ші орында келеді. Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысуда. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-і мен 2010 жылғы қыркүйектің 7-сі аралығында өтетін іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құрады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады. Біздің команда сынға түсетін 6-шы топтағы ойындардың күнтізбесі мынадай: Маусымның 7-сі Қазақстан-ЧерногорияҚыркүйектің 4-і Болгария-ҚазақстанҚыркүйектің 9-ы Қазақстан-ИзраильҚазанның 11-і Қазақстан-ШвецияҚазанның 14-і Черногория-ҚазақстанҚарашаның 15-і Швеция-Қазақстан
Соңғы жаңалықтар