Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Израильден ұтылып қалды
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл біздің команданың іріктеу турнирі аясындағы бесінші кездесуі болды. Осылайша, бес ойыннан кейін 4 ұпай жинаған олар әзірге өз тобында үшінші орында келеді. Жерлестеріміз кезекті ойынын өз алаңында Швеция құрамасымен өткізеді.
Айта кетейік, Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетуде. Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысуда. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-інде басталған, 2010 жылғы қыркүйектің 7-сінде аяқталатын іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құрады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады.