Футболдан «KAZsport» телеарнасының кубогы ойнатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KAZsport» телеарнасының ашылғанына 1 жыл толуына орай мини-футболдан турнир ұйымдастырылады. Бұл туралы арнаның жаңалықтар порталында хабарланды.
Турнир 31 мамырда өтеді. Жарысқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тұратын командалар қатысады. Қатысушы команданының санына шектеу жоқ.
Қойылатын талаптар: 1. Әр командада 10 ойыншы және 1 жаттықтырушы болуы тиіс. Алаңда 4 ойыншы және 1 қақпашы. 2. Әр ойын 15 минуттық екі таймнан тұрады. Үзіліс 5 минут. Тіркелуден өту үшін қажет құжаттар: 1. БАҚ басшысының қолы қойылған, команда футболшыларының тізімі бекітілген ұйымның ресми өтініші. Құжатта ойыншылардың аталмыш ұйымның қызметкері екені көрсетілуі тиіс. 2. Ойыншылардың медициналық анықтамасы болуы тиіс. Жарысқа 30 мамырға дейін тіркелуге болады. Байланыс нөмірі: 8-7172-55-33-85. 8-702-788-42-52