Футболдан ҚР әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Е.Пусиков пен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы И.Меланич қызметтерінен босатылды
АЛМАТЫ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазақстан футбол Федерациясының атқарушы комитеті Қазақстанның ұлттық әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Евгений Пусиков пен Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Илья Меланичті қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады,
деп хабарлайды «Қазақстан Футбол федерациясы» Қауымдастығының» баспасөз қызметі.
«И.Меланичті қызметінен босату туралы шешім оның команда алдындағы міндеттерді орындай алмауымен байланысты, яғни 2010-2011жылдардағы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне команданың өте алмауымен байланысты. Е.Пусиков 2010 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турында әйелдер командасының төмен көрсеткішке ие болғаны үшін қызметтен босатылады. Босаған қызмет орындарына біз жаңа жаттықтырушылар іздеп жатырмыз», - деді атқарушы комитеттің шешіміне түсініктеме берген Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Виктор Катков.