Футболдан ҚР біріншілігі: «Мақтарал» «Байқоңырмен» жолықты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мақтаралда футболдан Қазақстан біріншілігі аясында кезекті матч өтті.
Қазақстан футбол федерациясы кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған жарыста жергілікті «Мақтарал» командасы Қызылорданың «Байқоңырымен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Теңбіл доп шеберлерінің тартысы аудандағы Қажымұхан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өтті. Ел чемпионатының бірінші лигасы - 8-ші тур ойынында алғашқы голды алаң иелері салды. Қызылордалық футболшылар да аянып қалған жоқ. Артынша бір гол соғып, ұпай теңестірді. Бұл мақтаралдықтарды қамшылай түсті. Екінші гол салудың мүмкіндігі туды. Ойыншылар осылайша тағы бір ұпай қосты. Жасыл алаңдағы тартысты додада 3-ші голды да «Мақтаралдықтар» салды. Есеп - 2:1.
Футбол лигасында алаң иелері 2-ші орынға көтерілді. «Мақтарал» командасы енді Қарағанды қаласының сырт алаңында өтетін «Шахтер-Болат» командасына қонаққа барады.
Айта кетейік, «Мақтарал» футбол клубының ауданға жеңіс сыйлап келе жатқанына биыл 6 жыл болды.