Футболдан ҚР Кубогының ширек финалында «Қайрат» «Жетісу» командасымен кездеседі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалы кезеңінің жеребесі тартылған болатын. Оның қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесетін болды, - деп хабарлайды бүгін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен.

Футболдан ҚР Кубогының ширек финалында «Қайрат» «Жетісу» командасымен кездеседі

Ойын алдағы 25 мамырда Талдықорған қаласында өтеді.

Қалған жұптардың тізімі төмендегідей:

«Атырау» - «Ордабасы»

«Оқжетпес» - «Ертіс»

«Кызыл-Жар СҚ» - «Астана»