Футболдан Мексика құрамасының бас бапкері журналиске қол көтерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Мексика құрамасының бас бапкері Мигель Эррера Филадельфия әуежайында Кристиан Мартиноли есімді журналисті ұрып жіберген. Бұл туралы "Ас" басылымы хабарлайды.

Футболдан Мексика құрамасының бас бапкері журналиске қол көтерді

Бұл оқиға мексикалықтар КОНКАКАФ Алтын кубогында жеңіске жеткен соң орын алған. Филадельфияда өткен финалдық ойында олар Ямайка құрамасын 3:1 есебімен жеңген.

Мартинолидің айтуынша, ол құрама ойыншыларымен әуежайда кездесіп қалған. Осы сәтте бас бапкер оны мойынынан ұрып жіберген және қоқан-лоққы көрсеткен.

Айта кетейік, аталған журналис Мексика құрамасының бас бапкерін көп сынға алған.