Футболдан ОАР құрама командасының қақпашысын белгісіз біреулер атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Оңтүстік Африка Республикасы құрама командасының қақпашысы Сензо Мейиваны белгісіз біреулер Йоханнесбург қаласынан 20 шақырым жерде атып кетті, деп хабарлады ВВС.

Футболдан ОАР құрама командасының қақпашысын белгісіз біреулер атып өлтірді

27 жастағы футболшы аурухана жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Оқиғаға не себеп болғаны әлі анықталмаған.